Көкшетау станциясында көші қон заңнамасын бұзған Пәкістанның бес азаматы анықталды
Көкшетау станциясында көші қон заңнамасын бұзған Пәкістанның бес азаматы анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 наурызда “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Көкшетау станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Пәкістан Республикасының бес азаматына қатысты Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу фактілерін анықтады. 21, 36, 39, 41 және 42 жастағы шетел азаматтары визада көрсетілген мерзімде ҚР аумағынан шығудан жалтарған.
Құқық бұзушылар шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Шетелдіктердің біріне 15 АЕК айыппұл салынса, қалған құқық бұзушылардың материалдары шешім қабылдау үшін Көкшетау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына жолданды. Оларға 5 жыл мерзімге ҚР аумағына кіруге тыйым салынды. Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарып жіберу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке дейін тартылуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, департаменттің қызмет көрсету аумағында 11-15 наурыз аралығында көші-қон заңнамасын бұзудың жолын кесу үшін “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.