Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайда волейболдан ІІМ кубогына турнир ұйымдастырылды

Қостанайда ҚР ІІМ кубогына волейболдан ҚР ІІМ мен “Динамо” ДШСҚ турнирі басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл іс-шара ішкі қызмет генерал-майоры Ғазиз Сұлтановтың туғанына 100 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Турнирдің ашылуы “Динамо” спорт кешенінде өтті.

Турнирге ҚР ІІМ, ҚР ТЖМ құрама командасы, ҚР ҰҚК Шекара қызметі, ҚР Ұлттық ұланы, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті, мамандандырылған күзет қызметі басқармасы, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі және “Динамо” командасы қатысты.

Командалар құрамында волейболдан республиканың 8 спорт шебері мен 15 спорт шеберіне үміткер бар.

Турнирді ұйымдастырушылар атап өткендей, жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командаға ауыспалы кубок, ал номинациялар бойынша үздік ойыншыларға бағалы сыйлықтар беріледі.

Турнир екі күн ішінде “Динамо” спорт залдары мен ҚР ІІМ академиясының базасында, ал финалдық ойындар “Динамо” спорт кешенінде өтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру