Қызылордада сотталған азамат заңды некеге тұрды
Қызылордада сотталған азамат заңды некеге тұрды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде ҚР ҚК-нің 121-бабы 1-тармағы бойынша бес жылға бас бостандығынан айырылған сотталған азамат заңды некеге тұрды.
Тергеу мекемесі әкімшілігінің мәліметінше, некені заңдастыруға түрме де кедергі болмайды. Неке және отбасы туралы кодекске сәйкес сотталғандардың да неке қиюға құқы бар. АХАЖ бөлімінен келген маманның айтуынша, Қызылордада жаза өтеу орындарында неке қию рәсімінің өткізілуі бірінші рет емес.
– Тергеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілердің некесін қидырудың өз пайдасы бар. Заңды некеге тұрып, отбасылы болған жазасын өтеуші азамат жауапкершілікті сезініп, түзелу жолына түсіп, жаза өтеу барысында өзін жақсы жағынан көрсетуге және отбасына тезірек оралуға тырысады. Сол секілді бүгін некесін қидырған сотталғанның жаза өтеу барысында да тәртібі жақсы болып, отбасына тезірек оралатынына сенім артамыз, – деді мекеменің заңгер маманы Г.Қарашаева.