Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қылмысты ашудың түрлі криминалистикалық жолдары бар

Ұлытау облысының бас криминалисі осы жылдың қаңтар айында болған көлік ұрлығының бетін ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлытау облысының Қаражал қаласындағы полиция басқармасына осы жылдың қаңтар айында А. есімді азамат 10 миллион теңгеге несиеге сатып алған 2022 жылғы Volkswagen Polo автокөлігінің жоғалғаны жөнінде арызданды.

Облыстың бас криминалисі Ербол Болат криминалистикалық әдістерді дұрыс қолдану арқылы тіркеуден шығарылған және тіркеуге алынған автокөліктерді саралап қарау барысында Б. есімді азаматтың дәл осындай автокөлікті басқа VIN код арқылы тіркеуден шығарғанын анықтады. Бұл автокөлік басқа қалада автосалон арқылы 8 млн теңгеге сатылымға шығарылған еді. Сараптама жасау барысында көлік құралының зауыттық нөмірлік белгілері өзгертілгені және техникалық құралдармен бастапқы нөмірінің қандай болғаны да белгілі болды.

Осылайша криминалистердің жүйелі және табанды жұмысының нәтижесінде жоғалған көлік иесіне қайтарылды.

Криминалистің тыңғылықты жұмысы қылмысты ашуға үлкен ықпал ететіні тағы да дәлелденді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру