Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысында ПИК қызметкерлері учаскелік полицейлерге профилактикалық жұмыстарды жүргізуге көмектеседі

Атырау облысында 96 учаскелік полиция пунктінде 285 учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілері жұмыс істейді. Қызмет барысында ПИК қызметкерлері учаскелік полицейлерге профилактикалық іс-шараларды жүргізуге көмектеседі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысында халықпен тиімді іс-қимыл жасасу, мәселелерді жедел шешу, сондай-ақ жедел жағдайды бақылау мақсатында учаскелік полиция инспекторлары өз аумақтарындағы аулалар мен пәтерлерді аралап, пәтер иелері кооперативтері өкілдері және тұрғындармен тұрақты түрде кездесулер өткізіп, әкімшілік аумақты тексереді. Сонымен қатар тұрғындармен, ПИК өкілдерімен үнемі байланыста болып, кері байланыс алу үшін учаскелік инспекторлармен whatsApp тобы жұмыс істейді. Күн сайын чатқа ұсақ бұзақылық жасау, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктер ішу, аумақты абаттандыру ережелерін бұзу, тыныштықты бұзу, белгіленбеген орындарда темекі шегу, иттер мен мысықтарды ұстау ережелерін бұзу және тағы басқа құқық бұзушылықтар туралы түрлі ақпарат түседі. Бұл байланыс әдісі айтарлықтай нәтиже береді.

Полиция қызметкерлерінің пәтер иелері кооперативтерімен тығыз байланысының көмегімен бірнеше құқық бұзушылықтар анықталды. Сондай ақ ПИК қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларына тұрғын үйлерді аралау кезінде жәрдемдесіп, құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған түрлі профилактикалық іс-шараларда көмектерін тигізеді. Бұдан басқа учаскелік полиция инспекторларының күн сайын чаттарда тұрғын үй мен мүлікті ұрлықтан, алаяқтық әрекеттерден және тағы басқа да құқық бұзушылықтан қалай қорғау керектігі туралы профилактикалық сипаттағы ақпаратты орналастырады.

Бүгінгі таңда Атырау облысының 96 учаскелік полиция пунктінде 285 учаскелік полиция инспекторлары мен олардың көмекшілері жұмыс істейді. Өздеріне бекітілген әкімшілік аумақтағы қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіптің сақталуын қадағалайтын учаскелік полиция инспекторлары сервистік модельді жүзеге асыру және халықпен одан әрі байланыс орнату аясында әлеуметтік желілерде парақшаларын ашып, тұрғындармен тығыз байланыс орнатады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру