Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар мектептерінің бірінде жасөспірімдер арасындағы қылмыс профилактикасы талқыланды

Павлодар облысында жасөспірімдердің есірткіге тәуелділігінің алдын алу тақырыбында мектеп оқушылармен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының №34 жалпы орта білім беретін мектебінде Павлодар қалалық ПБ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға жедел уәкілі Эльмира Сейтахметовамен кездесу өтті.

Қазіргі әлемде темекі шегу, алкоголизм және нашақорлық тым өршіп барады. Өкінішке орай кеше гүлденген отбасынан шыққан өте қарапайым және сыпайы баланың бұрыс жолға түспейтініне кепілдік жоқ. Бүгінгі таңда жасөспірімдердің тәуелділігінің алдын-алуда мұғалімдер мен бұқаралық ақпарат құралдарының әсері зор.

– Отбасындағы ең үлкен құндылық – баланың денсаулығы мен әл-ауқаты. Бірақ шынын айту керек, балалардың көбі психоактивті заттарды қолданады. Бастауыш сыныптардан бастап сынып сағаттарында, әртүрлі сыныптан тыс іс-шараларда біз бұл мәселені қозғаймыз, оның салдары туралы сөйлесеміз және белгілі бір жағдайларды талдаймыз, – дейді мектеп мұғалімдері.

Өңірдің оқу орындарында полиция тұрақты негізде түрлі дәрістер, ашық диалогтар, интерактивті сабақтар, конкурстар, акциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырады. Кездесуде есірткінің зияны туралы бейнероликтер мен деректі фильмдер көрсетіледі.

Кезекті кездесу 5, 7 сынып оқушыларымен өтті. Бұл жастағы балаларға қарапайым тілде есірткіге тәуелділіктің қалай жүретіні, тәуелді адамдардың өмірі қалай өзгеретіні, “синтетиканың” өлімге әкелетін дозалануы туралы түсіндірілді.

Неліктен нашақорлардың проблемалары олардың отбасылары мен достары үшін қиындық тудырады? Олардың өсіп келе жатқан баласы оқудан бос уақытында не істейді, кіммен дос, телефонмен және әлеуметтік желілерде қандай тақырыптарда сөйлеседі – бұл әдетте әкесі мен анасының назарынан тыс қалады.

Жасөспірімдерді арбап тұзаққа түсіретін жол бұл — ақша табу мүмкіндігі. Есірткіні тасымалдаушылар балаларды көбіне осылай арбайды. Қалта шығындары үшін ғана емес, телефон да сатып алуға болатынын айтады. Ол үшін өнімді тек сату керек деген шарт қояды.

Оқушылар осы мәселені талқылауға белсенді қатысып, маманға қызықтырған сұрақтарын қойды.

Есірткіге туәуелділіктің алдын алу оңай. Алдын алудың ең жақсы тәсілі — жасөспірімге, оның өміріне және оның проблемаларына назар аудару.

– Балаңызбен дос болыңыз, сонда ол есірткіні бір рет те татып көргісі келмеуі мүмкін. Дәл қазір баламен соңғы рет қашан уақыт өткіздіңіз, оның мәселелерін талқыладыңыз, оның кімді ұнататынын және кіммен дос екенін білдіңіз, еске түсіріңіз. Олай болмаса, жағдайды түзетіңіз. Бұл балаңызға өте қажет, – дейді Эльмира Сейтахметова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру