Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Министрдің орынбасары ІІМ Қарағанды академиясы мен ПД-ның жаңа басшыларын таныстырды

Министрдің орынбасары ІІМ Қарағанды академиясы мен ПД-ның жаңа басшыларын таныстырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ішкі істер министрінің орынбасары А.Сайтбеков Қарағанды облысы полиция департаментінің басшы құрамына департаменттің жаңа бастығын таныстырды.

Исмагулов Негмет Әуезханұлы – ішкі істер органдарында 1995 жылғы маусымнан бастап қызмет етіп келеді. Әртүрлі басшылық қызметтер атқарды. Бұған дейін Қостанай облысы полиция департаменті бастығының орынбасары лауазымында болған.

Айта кетейік, департаменттің жаңа бастығы ҚР Президентінің Жарлығымен “Ерен еңбегі үшін” медалімен марапатталған.

Сондай-ақ Сайтбеков ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясының басшылық құрамына академияның жаңа бастығын таныстырды.

Әділов Санжар Әскенұлы – ішкі істер органындағы қызметін 1999 жылы бастады. ІІО-да басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

2019 жылы ІІМ тергеу департаментінің бастығы болып тағайындалды, 2023 жылдың мамырынан бастап Қарағанды облысының ПД бастығы лауазымында болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру