Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте 100-ден астам ата-ана балаларының түнгі серуені үшін жауапқа тартылды

Шымкентте демалыс күндері 100-ден астам ата-ана балаларының түнгі серуені үшін жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері өткен демалыс күндері мегаполис аумағында түнгі рейдтік іс-шаралар өткізді. Рейд барысында жастар көп жиналатын орындар, ойын-сауық орталықтары, аулалар, саябақтар тексерілді. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық орындарда тәртіп бұзушылықтарға «нөлдік төзімділік» қағидатын қалыптастыру, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз тұрғылықты жерінен тыс және ойын-сауық мекемелерінде болуын, олардың алкогольдік ішімдіктерді, темекі бұйымдарын пайдалануына жол бермеу және алдын алу.

Атқарылған жұмыстың нәтижесінде екі күнде тәртіп сақшылары ата-анасының еріп жүруінсіз түнгі сағат 23:00-ден кейін көшеде жүрген 117 жасөспірімді анықтады. Олардың ата-аналары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар полицейлер кафе, дүкен иелерімен жасөспірімдерге спирттік ішімдіктер мен темекі бұйымдарын сатуға жол бермеу туралы профилактикалық сұхбаттар өткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру