Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шахтинскіде салық басқармасы ҚАЖД қызметкерлеріне декларация тапсыруды үйретті

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты N31 мекемесінің қызметкерлері салық басқармасының өкілдерін шақыра отырып, жеке құрам арасында кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру бойынша жұмыс жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты N31 мекемесінің қызметкерлері Шахтинск қаласы бойынша салық басқармасының өкілдерін шақыра отырып, жеке құрам арасында кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру бойынша жұмыс жүргізді.

Декларацияны дұрыс емес немесе уақтылы ұсынбаудың салдарын түсіндіру және консультация өткізілді. Егер бастапқы салық декларациясы мерзімінде ұсынылмаса, онда салық органдары бірінші рет ескертумен шектеледі (ӘҚБтК 272-бабының 1-тармағы).

Ескерту жасалғаннан кейін бір жыл ішінде жеке тұлға тарапынан қайталап бұзушылық болған жағдайда 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады (ӘҚБтК-нің 272-бабының 2-тармағы). Егер декларацияда салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге әкеп соқпайтын толық емес, анық емес мәліметтер қамтылатын болса, онда салық органдары да ескертумен шектеледі (ӘҚБтК 272-бабының 2-1-тармағы).

Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекет 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (ӘҚБтК 272-бабының 2-2-тармағы).

Салықтарды есептеуге әкеп соғатын салық салу объектілері жасырылған жағдайда, жасырын салық салу объектісі бойынша төленуге жататын салықтар сомасының 200% мөлшерінде (ӘҚБтК 275-бабының 1-тармағы) және егер мұндай бұзушылық қайталанса, 300% мөлшерінде айыппұл көзделген (ӘҚБтК 275-бабының 2-тармағы).

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру