Елорда полицейлері картадан қолма-қол ақшаны шешіп беруге уәде берген күдіктіні ұстады
Елорда полицейлері картадан қолма-қол ақшаны шешіп беруге уәде берген алаяқты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға елорда тұрғыны арызбен жүгініп, оның банктік картасынан ақша ұрланғанын хабарлаған.
Жәбірленуші түсіндіргендей, ол Kaspi Red- тен қолма-қол ақшаны шешіп алмақшы болған. Делдалды хабарландыру сайтынан тауып алған. Қаскүнем 110 мың теңге қолма-қол ақшаны шешіп беруге уәде беріп, оны өз қалтасына салып, жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде қаланың 23 жастағы тұрғыны ұсталды.
Полиция департаменті елорда тұрғындарына банк карталарының деректемелерін, CVV-кодтарды, SMS-парольдерді бөгде адамдарға бермеуді ұсынады.
Есіңізде болсын, банк қызметкерлері ешқашан қоңырау шалмайды немесе жеке деректерді жинамайды!
Мұндай жағдайларда банкке дереу хабарласып, транзакциялар мен карталарды бұғаттау керек, содан кейін полицияға хабарлау қажет.