СҚО полиция басшысы су тасқынына байланысты жеке құрамның дайындығын тексерді
Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов қызметкерлердің апатқа дайындығын тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Заречный кентіндегі су астында қалу қауіпі бар эвакуацияланған аумақта түнгі кезекшілікке түсетін жеке құрамға заңдылықты бұзу фактілерін болдырмау жөнінде нұсқаулықтар берді. Бұл ауданда байқалған азаматтық адамдарды тексеру, жеке басын және пайда болу мақсатын анықтау қажеттілігін жеткізді. Сондай-ақ қызметкерлер басқа да шұғыл қызметтерге жан-жақты жәрдемдесуге бағдарланды.
– Ең бастысы – біз адам шығына жол бермеуіміз керек, – деп атап өтті Айдын Қабдұлдинов.
Сонымен қатар облыс полициясының басшысы Заречныйға кіре берісіндегі бекеттердің жұмысын, сондай-ақ адамдар қалдырған саяжайлардың қалай күзетілетінін тексерді. Петропавл қалалық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиев қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Заречный саяжайы тәртіп сақшылары, соның ішінде атты полицияның күшімен үнемі бақылауына алынған.
12 сәуірде таңертең Қабдұлдинов Петропавлдағы Былғары, Қызылжар ауданының Тепличное және Прибрежное ауылдарын аралап шықты. Барлық полиция қызметі жергілікті атқарушы органдармен және төтенше жағдай қызметкерлері су тасқынына қарсы іс-шараларға барынша жұмылдырылған.