СҚО полицейлері су тасқыны кезінде жалған ақпарат таратқандарды анықтады
СҚО полицейлері облыс тұрғындары мен қонақтарын тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жалған ақпарат адамдарға жағдайды толық түсінуге кедергі келтіреді. ТЖ жағдайында біреу тіпті сенгісіз қауесеттерге де сеніп жатыр. Мысалы, TikTok әлеуметтік желісінде Петропавлдағы су басқан Ойқала ауданында сумен бірге қасқырлар мен жабайы қабандар пайда болды деген хабарлама шықты.
Полицейлер жалған ақпарат таратқан азаматты анықтады. Ол – 20 жастағы петропавл тұрғыны болып шықты. Ер адамның құрдасы дәл осы әлеуметтік желіде тасқын судан екі бала қайтыс болды деген ақпарат таратқан. Бұл ақпарат та жалған.
– Шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратушылардың екеуіне де қатысты әкімшілік материал жиналады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 456-2-бабының 3-бөлігіне сәйкес оларға 20 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынады, – деп хабарлады СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы.