Оралда тұрғындарды эвакуациялау жалғасып жатыр
Өңірдегі Жайық, Шаған, Деркөл өзендері деңгейінің көтерілуіне байланысты жағалаудағы елді мекендердің тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазіргі уақытта Жайық өзенінің жайылмасында орналасқан саяжай учаскелерінің су басу қауіпіне байланысты елді мекендердің тұрғындарын қауіпсіз жерге немесе эвакуациялау пункттеріне көшіру, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– Ең бастысы – азаматтардың қауіпсіздігі. Сондықтан түсіністік танытуларыңызды сұраймыз, – дейді Орал қалалық ПБ бастығы А.Абдрахманов.
Су қауіпінен қорғану бағытында полиция қызметкерлері жергілікті атқарушы орган, прокуратура, еріктілермен бірге қапшықтарды төсеу, қорғау бөгеттерін салу және су басқан аумақтан су айдау жұмыстарын жүргізуде. Сондай-ақ эвакуацияланған елде мекендердегі азаматтардың мүлкін қорғау үшін тәуліктік кезекшіліктер орнатылып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр.