Абай облысының полицейлері борышкерді іздеп тапты
Абай облысының полицейлері ЖКО-дан кейін келтірілген залалды өтеуден жалтарған борышкерді іздеп тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Абай облысының көші-қон қызметіне жеке сот орындаушысынан борышкерді іздеу туралы материал келіп түсті. Ол ұзақ уақыт бойы 1,4 млн теңгеден астам көлемде ЖКО-дан кейін келтірілген залал үшін азамат алдындағы борышын өтеуден жалтарған Семей қаласының 45 жастағы тұрғыны болып шықты.
Көші-қон қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді. Полиция борышкерді тауып, сот орындаушысына тапсырды.
Абай облысы полиция департаменті атқарушылық құжатты орындаудан жалтарғаны үшін заңда әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.