Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында учаскелік полицей тұрғынды ауруханаға апаруға көмектесті

Ақмола облысында учаскелік полицей тұрғынды ауруханаға апаруға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Учаскелік полиция уәкілі Сағдат Қабдуллинге кәсібилігі мен адамдардың күрделі мәселелеріне жанашырлығы үшін алғыс білдіргіміз келеді” деген алғыс сөздермен Голубовтар отбасы полиция бөліміне хабарласып, су деңгейінің көтерілуіне, сондай-ақ автожолды су басуына байланысты олардың отбасы мүшесін ауруханаға жіберуге мүмкіндігі болмағанын айтты.

– Біздің отбасымыз қиын жағдайға тап болған кезде қолдау көрсеткені үшін ризамыз. Сізге отбасымыздың атынан үлкен рақмет! Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілейміз, – дейді Голубовтар отбасы.

Кейінірек белгілі болғандай, осы жылдың 15 сәуірінде Хрущев ауылында тұратын Голубовтар отбасының иесі жоспарланған операция үшін аудандық ауруханаға баруы керек еді. Алайда, аудан орталығына дейінгі жолды су басқандықтан, жарты жолдан тоқтауға мәжбүр болды. Осы жолды зерттеген полиция қызметкері өз көмегін ұсынды. Ол науқасты жолдың қауіпті учаскесі арқылы тасымалдап, баратын жеріне аман-есен жеткізді.  

– Бүгінде су басу қаупі сейілді, алайда барлығымыз тәулік бойы жұмыс орнында болып, жағдайды көзімізден таса қылмадық. Адамдардың қауіпсіздігін жіті бақылауда ұстап отырмыз. Мен барлығына көмектесуге тырыстым. Бұл менің жұмысым,- дейді Атбасар ауданы ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы Сағдат Қабдуллин.

 

Айта кету керек, бұл аудандық полиция бөлімдерінің басшыларына келетін жалғыз алғыс емес.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру