Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция Ақмола облысы мен Көкшетаудың бірқатар ауданында су тасқыны салдарын жоюға кірісті

Полиция Ақмола облысы мен Көкшетаудың бірқатар ауданында су тасқыны салдарын жоюға кірісті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 сәуірден бастап Ақмола облысының полиция департаменті жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, “Таза Қазақстан” республикалық акциясы аясында су тасқыны салдарын жою бойынша жұмысты жандандырды. 

Полицейлер рейдтік іс-шаралар жүргізуде, стихиялық қоқыс үйінділерінің орындарын, олардың шығу көздерін және қоқыс шығаратын ұйымдардың тізіліміне енгізілмеген заңсыз қоқыс тасымалдаушыларды анықтап жатыр.

Профилактикалық рейдтік іс-шаралар қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын осы үшін бөлінген орындардан тыс жерде сақтауға рұқсат етілмеген орындарды болдырмауға және анықтауға бағытталған. Сондай-ақ белгіленген ережелерді сақтау тұрғысынан қоқыс шығаруды және сұйық қалдықтарды төгуді қамтамасыз ететін мердігер ұйымдармен жұмыс жүргізіліп жатыр.

Жалпы, 2024 жылдың басынан бастап Ақмола облысы мен Көкшетау қаласында абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға қатысты 3 мыңнан астам хаттама мен ескерту жасалды, ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке 29 жеке кәсіпкер тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру