Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында полицейлер қызуы көтерілген бүлдіршінді ауруханаға жеткізуге көмектесті

Ақмола облысында полицейлер қызуы көтерілген бүлдіршінді ауруханаға жеткізуге көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың 12 сәуірінде Атбасар ауданының полиция қызметкерлері аға лейтенант Арман Нұртазин мен аға лейтенант Вячеслав Саудкин бар ЖБК-1 автопатрульінің экипажы Атбасар қаласының Сары-Арқа көшесіндегі әкімшілік учаскені патрульдеу кезінде көлік тоқтатқан ер адамды байқады.

33 жастағы жергілікті тұрғын Басенко Борис полицейлерге баласының қызуы көтеріліп, үйде екенін және жедел жәрдемді бір сағаттай күткендерін айтты.

Себебі, бейресми түрде Лондон деп аталатын, Басенко отбасы тұратын және қалалық аурухана орналасқан қала орталығын жалғайтын Казахстанская көшесіндегі жолда қар еріп, су тасқынына байланысты уақытша жабық болған.
Сол себепті көлік құралдары жолдың осы бөлігін айналып өтуге мәжбүр.

Тәртіп сақшылары баланы дереу қызметтік көлікпен ауруханаға жеткізу туралы шешім қабылдады.

Полицейлер жарқылдауық маяктарды қосып, әйелді және оның бір жасар баласын қауіпті учаскені айналып өтіп, межелі жерге аз ғана жол қалғанда, жедел жәрдем көлігі оларға қарай қарсы шықты.

Полиция қызметкерлері жолаушыларды медициналық қызметкерлерге тапсырып, оларды жедел жәрдем көлігіне ауыстырып, өздері патрульдік маршрутқа оралды.
Біраз уақыттан кейін Борис Басенко полиция қызметкерлерімен байланысып, уақытылы көрсеткен көмегі үшін ризашылығын білдіріп, баламен бәрі жақсы екенін айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру