Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысында “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Ақмола облысында “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмола облысының аумағында көші-қон заңнамасын бұзушыларды анықтауға, заңсыз көші-қон арналарының жолын кесуге бағытталған “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Күн сайын мобильді топтар біліктілігі жоқ қызметкерлер мен жақын және алыс шетелдердің азаматтарына тұрғын үй-жайларды жалға беретін тұлғалардың көп саны уақытша пайдаланылатын объектілерді, сондай-ақ басқа да объектілерді тексереді.

Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзғаны үшін ЖПІШ өткізудің екі күнінде полиция қызметкерлері 39 шетелдік азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты.

Сондай-ақ шақырылған шетелдіктердің ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша болудың белгіленген ережелерін бұзғаны үшін қабылдаушы тараптың 20 өкіліне қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды.

ҚР ӘҚБтК 519-бабы бойынша әкімшілік заңнама шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып, шетелдік жұмыс күшін және көшіп келушілерді тартқаны үшін 6 жұмыс беруші жазаланды. Сонымен қатар сот елден 4 шетелдік құқық бұзушыны шығарып жіберу туралы шешім қабылдады.

ЖПІШ барысында полицейлер шетелдік азаматтармен және жұмыс берушілермен профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде көші-қон саласындағы заңнаманы сақтау қажеттігі туралы ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру