СҚО ПД-ның 22 жастағы қызметкері патрульдік батальон келгенге дейін жол қозғалысын реттеп тұрды
СҚО ПД-ның 22 жастағы қызметкері бағдаршамның істен шыққанына байланысты патрульдік батальон келгенге дейін жол қозғалысын реттеп тұрды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 сәуір күні кешке қысқа тұйықталу салдарынан Петропавл қаласындағы Интернационал мен Әуезов көшесінің қиылысында бағдаршамның апаттық сөнуі орын алды. Екі көшеде де көліктердің қозғалысы жоғары, қиылыс тығыз кептелістермен тұйықталып қалды.
– Жүргізушілер бір-бірін жіберген жоқ, жаяу жүргіншілер тіпті өткелге аяқ баса алмады. Менің қасымда арбасында кішкентай баласы бар әйел, маған қарама-қарсы – қарт ерлі-зайыптылар тұрды. Полиция қызметкері әр кезде қолғабыс көрсетуі керек. Жағдайдың нашарлап бара жатқанына көз жеткізген соң, мен қозғалысты реттеуге кірісу туралы шешім қабылдадым, – дейді СҚО ПД қызметкері Ерсұлтан Дүйсембин, ол жұмыстан үйге оралғанда осындай көріністің куәгері болған.
СҚО ПД қызметкері Дүйсембин жолда жүру ережелерін өте жақсы біледі, реттеушінің сигналдары оған бала кезінен жақсы таныс — оның әкесі, қазіргі таңда ІІО зейнеткері, көптеген жылдар бойы жол полициясында қызмет еткен. Патрульдік полиция батальонының инспекторы келгенге дейін Ерсұлтан адамдар көп жиналып қалған қиылысты қалыпты қозғалысты ретке келтіре алды, содан кейін ол демалуға кетті — келесі күні оны су тасқынындағы кезекшілік күтіп тұрды.