Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында учаскелік полицейлер халыққа интернет-алаяқтықтан сақтану жолдарын айтты

Түркістан облысында учаскелік полицейлер халыққа интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары жазылған жадынамалар таратты, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ақпараттық технологиялар дамыған сайын интернет-алаяқтықтың түрлері де кең таралып, көбейіп келеді. Ал олардан зардап шегушілер қомақты қаржысынан айырылып қалуда. Осы ретте интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында Түркістан облысы полиция департаментінің қызметкерлері профилактикалық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді.

Полиция БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы аталған қылмыстардың алдын алу бойынша мақалалар мен роликтер таратып жатыр. Одан бөлек халық көп шоғырланатын қоғамдық орындарда, көшелерде тақырыптық бильбордтар ілінген. Учаскелік полиция инспекторлары да халыққа жадынамалар үлестіріп жатыр.

Жалпы интернет-алаяқтық деп ақпараттық жүйені пайдалану арқылы бөтеннің мүлкін жымқыру, алдау немесе сенімін теріс пайдалану жолымен бөтен мүлікке құқықты иемденуді айтамыз. Яғни бұл жерде қылмыскер компьютер, смартфон, планшет секілді заманауи құралдардың көмегімен интернет арқылы адамдарды алдап-арбап, олардан ақша бопсалау, мүлкін жымқыру, несие алу секілді жымысқы әрекеттерге барады.

Сондықтан полиция қызметкерлері әрдайым интернет-алаяқтардан абай болу керектігін ескертеді. Қауіпсіздікті сақтау үшін банк қызметкерімін деп хабарланса немесе OLX, Kolesa қосымшаларында күмән келтіретіндей қызмет ұсынса, ақпардың нақтылығына және заңды екендігіне көз жеткізуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру