Ақтөбе облысында пробация есебіндегі сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті
Ақтөбе облысында пробация есебіндегі сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Пробация мақсаты – заңмен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау арқылы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу жолына түсіру.Осыған орай, ҚАЖ департаменті қызметкерлері есепте тұрған азаматтардың қайта қылмыс жасауының алдын алу, шартты түрде сотталғандардың жалпыға ортақ әлеуметтік, моральдық және құқықтық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сотталғандардың қатысуымен ашық сот отырысы өтті.
Сот отырысында сотталған азаматтың бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігі нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру жөнінде пробация қызметінің ұсынысы қаралды. Себебі, сотталған бақылауда жүргеніне қарамастан, қоғамдық тәртіп пен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.
– Ашық сот отырысына Мәртөк аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар қатысты. Біздің басты мақсатымыз – пробация қызметінің бақылауынан жасырынып, түзелу жолына түспеген азаматтардың барар жері түзеу мекемесі екендігін көрсету болатын. Болашақта сот отырысына жазаланғандарды қатыстыру жоспары бар, – деп атап өтті мекеме қызметкерлері.