Жетісу полицейлері шаруа иелеріне үшжақты меморандумның мақсаты мен міндеттерін түсіндірді
Жетісу полицейлері шаруа иелеріне үшжақты меморандумның мақсаты мен міндеттері туралы түсіндірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жетісу полицейлері шалғай елді мекендерде орналасқан шаруа қожалықтарын тексеріп, олардың иелеріне үшжақты меморандумның мақсаты мен міндеттерін түсіндірді.
– Біз негізінен аудан және ауылдық округ әкімдіктері6 шаруа қожалықтары және аудандық полиция бөлімдерінің учаскелік инспекторларымен жасалған үшжақты меморандумдардың ережелері мен мақсаттарының орындалуын тексердік, – деп атап өтті ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Аида Белгібаева.
Осы меморандумның мақсаты – фермер және шаруа қожалықтарының аумағында қызметкерлердің тарапынан, сондай-ақ оларға қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша тараптардың ынтымақтастықта болуы.
– Тексеру барысында шаруа қожалықтарының иелеріне меморандумның мақсаты мен міндеттері түсіндірілді, осы уақытқа дейін күмәнмен қарағандардың барлығы дерлік пікірін өзгертіп, оны жасау қажет екенін түсініп келісті, – деп қосты А. Белгібаева.
Полицейлер өңірдегі барлық шаруа қожалықтары мен жайылымдық жерлерді қамту мақсатында бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.