Көкшетау тұрғынын жүргізуші куәлігін алып беремін деп алдаған күдікті ұсталды
Ақмола облысының полицейлері Көкшетау қаласының тұрғынына жүргізуші куәлігін алуға көмектесуге уәде берген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Көкшетау қаласының полиция басқармасына алаяқтың құрбаны болған жергілікті тұрғын өтініш білдірді.
Жәбірленушінің айтуынша, бейтаныс адам оған жүргізуші куәлігін алып беруге уәде беріп, алдаған. Алаяқ өтініш берушіден 770 мың теңге талап етті.
Екі айдан кейін уәде етілгенін күтпей, аудан тұрғыны полицияға жүгінді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары қаскүнемді ұстады. Ол уақытша жұмыс істемейтін, бұрын алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған облыс орталығының тұрғыны болып шықты.
Белгілі болғандай, алаяқтық жолмен алынған ақшаны алаяқ өз қажеттіліктеріне жұмсаған.
Осы фактіге қатысты ҚР ҚК -нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.