Ақмола облысында су тасқынында қызмет атқарған полицейлер марапатталды
Қазақстан халқының бірлігі күніне орай салтанатты жағдайда Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов 6 полицейге су тасқыны кезіндегі жедел және үйлесімді іс-қимылдары, адал еңбегі үшін алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақмола облысында апатқа байланысты ТЖ режимі шамамен 3 аптаға созылды. Полицейлер күшейтілген режимде тәулік бойы су тасқынына бейім аймақтарда қызмет атқарды.
Осы орайда көктемгі апаттың салдарымен күрескені үшін Астрахан ауданы ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы Самат Төлеуов, Аршалы ауданы ПБ ЖПҚБ аға учаскелік полиция инспекторы Аманжол Өтепов, Шортанды ауданы ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы Атшыбай Советхан, Қосшы қаласы ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Меңгер Қызырбек, Атбасар ауданы ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы Данияр Аманжолов, Целиноград ауданы ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторы Ернар Жұмабеков марапатталды.
– Бірнеше апта бойы полиция қызметкерлері жерлестеріне көмектесу үшін күндіз-түні аянбай еңбек етті. Мұның бәрі халық бірлігінің, жанашырлық танытудың және облыстың әрбір тұрғынынан өзара көмек көрсетудің ең жақсы үлгісі, – дейді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.
Қоғамдық қауіпсіздікті сақтау, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және су басу орындарында тонау фактілеріне жол бермеу және тұрғындар мен малды үйлесімді эвакуациялау тәртіп сақшыларының маңызды міндеті болды.
– Біз осы күрделі міндеттерді атқара алдық және бүгінгі күнге дейін зардап шеккен жерлестерімізге су тасқынынан айығуға көмектестік деп санаймыз, – деп атап өтті марапатталған полицейлердің бірі.