Талдықорған мектебінде ерлікпен қаза тапқан ҚАЖ қызметкеріне арналған мемориалды тақта ашылды
Талдықорған мектебінде ерлікпен қаза тапқан ҚАЖ қызметкеріне арналған мемориалды тақта ашылды, – деп хабарлайды Polisiai.kz.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №71 мекемесі қызметтік міндеттерін атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан әділет прапорщигі Ербол Ержановтың құрметіне Талдықорған қаласының №12 мектебінде еске алу мемориалын орнатты.
ҚАЖД бастығының орынбасары Әсет Джұмадиевтің қатысуымен салтанатты ашылу үнсіздік сәтінен басталып, мемориалға гүл шоқтары қойылды.
Мемориалдың ашылуына марқұмның жақын туыстары мен әріптестері шақырылды.
– Біздің әріптесіміз әділет прапорщигі Ербол Ержанов Отанға жанқиярлықпен қызмет етудің және борышқа адалдықтың үлгісі. Қызметтік міндеттерін атқарудағы ерлігі мен жанқиярлығы үшін ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған, – деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Әсет Джұмадиев.