ШҚО-да масаң күйдегі екі тұрғын автожолдардың бірін бөренелермен бөгеп тастаған
ШҚО-да масаң күйдегі тұрғындар автожолдардың бірін бөренелермен бөгеп тастаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласында 20 және 18 жастағы екі жергілікті тұрғын әзіл үшін жолға кептірілген бұтақтарды жайып, бөренелерді қойып кеткен.
Ауызша жауап алу кезінде олар осылай әзілдегісі келгендері туралы айтқан. Ер адамдар куәландырылды, олар бұзақылық жасау кезінде орташа дәрежеде масаң күйде болғаны анықталған.
Ұсақ бұзақылық үшін тәртіп бұзушылар жауапқа тартылды.