Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер «Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр

Қызылордада полицейлер «Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық полиция басқармасының бастығы Айдар Қасановтың бұйрығымен полиция қызметкерлері құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу мақсатында «Квадрат» жедел-профилактикалық іс-шарасын № 15 УПИ-ның ауқымды әкімшілік аумағында өткізілді.

Профилактикалық іс-шараның мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын-алу, патрульдеуді жүзеге асыру, профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды, қару иелерін тексеру, тұрғындарға, шағын және орта бизнес иелеріне учаскелік инспекторларын таныстыру, заңмен белгіленбеген уақытта алкоголь өнімін сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік көрсетілгенін ескерту, сондай-ақ кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы қылмыстарды болдырмау.

Тұрғындардың мекен-жайларын аралау кезінде осы әкімшілік аймаққа жауапты учаскелік полиция инспекторларының аты-жөндері, қызметтік және байланыс телефондары көрсетілген визиткалар таратылды. Аумақта 18 500 тұрғын тұрады. Сонымен қатар профилактикалық және тізімдік есепте тұрған 48 адамның 32-і мекенжай бойынша тексерілді. Олармен профилактикалық әңгімелер жүргізілді. Тұрғылықты жері бойынша азаматтық қарудың 31 иесінің 19-ы тексерілді.

Атқарылған жұмыс барысында 24 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы (Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) бойынша 8 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) 5 дерегі, ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабы (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша 3 дерек және ҚР ӘҚБтК -нің 519-бабы (Шетелдiк жұмыс күшiн және еңбекшi көшiп келушілерді Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып тарту) 2 дерегі анықталып, құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік шара көрілді.

Іс-шара барысында кәмелетке толмағандарға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қала тұрғындарын ұрлықты алдын ала өздерінің мүліктерін (велосипед, скутер, коляска т.б) қараусыз қалдырмауларын, темір есік, решетка, дабыл белгісін, бейнекамера орнату жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыттағы жұмыстар өз жалғасын тауып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру