Астана полицейлері ІІО ардагерін құттықтады
Ішкі істер органдарының ардагері 86 жастағы Есім Танабергеновты елордалық полиция қызметкерлерінің көптеген буындары жақсы біледі. Отан қорғаушылар күні қарсаңында Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев ІІО ардагерін айтулы мерекемен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отан қорғаушылар күні қарсаңында Астана қаласы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев ІІО ардагерін айтулы мерекемен құттықтап, зор денсаулық, бақ-береке және ұзақ ғұмыр тіледі.
– Сіздер Отанға және халыққа қызмет етудің озық үлгісін көрсетуде аянбай қызмет жасадыңыздар. Біліміңіз бен тәжірибеңізді бөлісіп, жылдар бойы адал еңбек етіп, жас қызметкерлерді патриоттық рухта тәрбиелегеніңіз үшін, сізге шын жүректен алғыс айтамын. Сіздің кәсіби және өмірлік тәжірибеңіз тәртіп сақшыларын тәрбиелеуге және дайындауға көмектеседі, – деді Марат Сағынтайұлы.
Ардагер 25 жылдан астам өмірін жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арнап, қызметін Целиноград аудандық ІІБ жол полициясы басқармасының мемлекеттік автоинспекторы қызметінен бастап, Целиноград ІІБ жол полициясы бөлімі бастығының орынбасары лауазымына дейін қызмет атқарған. 2002-2018 жылдар аралығында Астана қаласы полиция департаментінің Ардагерлер кеңесінің төрағасы болған.
Есім Кәрібайұлы өзінің өмірбаянындағы қызықты деректермен және ішкі істер органдарындағы қызметі туралы естеліктерімен бөлісіп, сонымен қатар қызметкерлерге көрсеткен ілтипаты мен қамқорлығы үшін ризашылығын жеткізді.
Ардагер ағамыз қазіргі уақытта аяулы жары Тілеулес Қауымбайқызымен бірге үш бала, төрт немерелерінің ортасында бақытты ғұмыр кешіп жатыр.