Елорда полициясы жалған ақпарат үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді
Астана қаласы полиция департаменті жалған ақпарат үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Астаналық полиция департаментінің қызметкерлері терроризмге қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар бергені үшін қылмыстық жауапкершілікті түсіндіру бойынша жүйелі сабақтар өткізеді.
Семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, соның ішінде Астана қаласының білім басқармаларында өткізілді. Сондай-ақ әдістемелік құралдар мен лаңкестікке қарсы қауіп төнген жағдайда әрекет ету алгоритмі бойынша нұсқаулықтар елорданың барлық жалпы білім беретін мектептеріне жіберілді.
Қойылған жарылғыш құрылғы туралы жалған хабарлама болған жағдайда барлық авариялық-құтқару қызметтерінің дереу шығуы қамтамасыз етіліп, қызметкерлер жедел-іздестіру шараларының кешенін жүргізеді. Ойланбай жасалған әрекеттің соңы материалдық залалды өтеумен ауыр қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай құқық бұзушылықтар қоғамда үлкен наразылық туғызады.
Көбінесе жалған хабарламалардың себебі ересектердің мас күйінде жасаған бұзақылықтары немесе кәмелетке толмағандардың ойланбастан ерсі әрекеттері болып табылады. Соңғы уақытта әлеуметтік желілер арқылы электрондық пошта арқылы хабарламалар жиілеп кетті. Өткен жылы 102 арнасына лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарламалар бойынша 157 қоңырау түссе, биыл 15 қоңырау түскен.
Кезекшілік кезінде астаналық полицейлер барлық адамдарды анықтады.
Астана қаласы полиция департаменті алдағы лаңкестік актісі туралы көрінеу жалған хабарлама жасау бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу арқылы немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылады.