«Құқықтық тәртіп»: полицейлер төрт күнде 800-ге жуық қылмыстың бетін ашты
Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын нығайту, сондай-ақ тиісті қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында елімізде 10 мамырдан бастап «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Профилактикалық іс-шараның негізгі бағыттары – көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда, яғни жастар көп жиналатын жерлерде қоғамдық тәртіпті сақтау мен алдын алуды күшейту, ұсақ бұзақылық фактілерін анықтау және жолын кесу, қоғамдық орындарда алкогольді ішімдіктерді ішуді анықтау, сондай-ақ жол қауіпсіздігі саласындағы бұзушылықтар, тұрмыстық зорлық-зомбылық саласындағы, оның ішінде кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Іс-шара барысында саяжай алаптары, құрылыс объектілері, базарлар, шаруа қожалықтары, жалдамалы пәтерлер және өзге де күмәнді орындар, үй-жайлар тексеріледі. Сондай-ақ жедел қызығушылық танытатын және тыйым салынған заттарды анықтау мақсатында елордаға кіре берісте стационарлық шекара бекеттері, сондай-ақ Астана бағытындағы жолдарда, атап айтқанда Павлодар, Қарағанды және Ақмола облыстарында тәулік бойы жұмыс істейтін мобильді полиция бекеттері қойылды.
Осылайша, іс-шараның төрт күнінде 780 қылмыс және бұрын жасалған 236 қылмыс ашылды.
Осы күндері полиция іздеуде жүрген 71 қылмыскерді ұстады. Тыйым салынған заттарды заңсыз сақтағаны немесе алып жүргені үшін 152 адам, оның ішінде есірткі құралдарын сақтағаны үшін – 76, атыс қаруын алып жүргені үшін – 34, жарылғыш заттар мен оқ-дәрілер алып жүргені үшін – 14 және суық қаруды алып жүргені үшін 28 адам құрықталды.
52 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Мысалы, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында – 1641, ұсақ бұзақылық – 3456, тыныштықты бұзу – 1903, спирттік ішімдіктер ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу – 5078, ата-аналардың бала тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамауы – 602, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта мекемелерде немесе тұрғын үйден тыс жерде болуы – 3875, қорғаныс нұсқамасын бұзу – 200, қарсы жолаққа шығу – 193, жаяу жүргіншілер өткелінен өту – 1300, көлікті мас күйінде басқару – 441, көлікті басқару құқығынсыз тізгіндеу, сондай-ақ басқару құқығынан айырыла тұра көлік жүргізу – 132, ҚР-да болу ережелерін бұзған 1 669 адам анықталды және тағы да басқа заң бұзушылықтар тіркелді.
Сондай-ақ көші-қон заңнамасы саласында бұзушылықтар анықталды. Қазақстаннан 690 шетелдік шығарылды, соттың шығарып жіберу туралы шешімін орындамаған 37 шетелдік анықталды.
54,9 мың есептегі тұлға тексерілді, белгіленген шектеулердің бұзылуы анықталды – 478, оның ішінде оларға қатысты ерекше талаптар белгіленді – 300, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған – 178. Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына 2133 адам жіберілді.