Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында жедел уәкілдер 4 интернет-алаяқтықты анықтады

Қызылорда облысында «Anti-fraud» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында жедел уәкілдер 4 интернет-алаяқтық қылмысын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, осы жылдың 14-16 мамыр аралығында Қызылорда облысы аумағында «Anti-fraud»  жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Аталған іс-шара жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу және олардың алдын алуға бағытталған.

Жедел шара барысында алаяқтықпен айналысқан топ құрықталды. Екі азамат 5 қала тұрғынының сеніміне кіріп, олардың аттарынан несие рәсімдеген. Тұрғындарға келтірілген шығын көлемі 5 млн теңгеден астам.

Күдіктілер қамауға алынды.

Қазіргі таңда олардың осы тектес басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Аталған іс-шараның бірінші күні 4 интернет-алаяқтық қылмысы ашылып, осы қылмыстарға қатысы бар күдіктілер ІІО-на жеткізілді.

Бүгінгі күні осы санаттағы қылмыстардың алдын алу, болдырмау және ашу мақсатында жоспарлы жұмыс жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру