Қызылорда облысында жедел уәкілдер 4 интернет-алаяқтықты анықтады
Қызылорда облысында "Anti-fraud" жедел профилактикалық іс-шарасы барысында жедел уәкілдер 4 интернет-алаяқтық қылмысын ашты, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, осы жылдың 14-16 мамыр аралығында Қызылорда облысы аумағында "Anti-fraud" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Аталған іс-шара жоғары технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу және олардың алдын алуға бағытталған.
Жедел шара барысында алаяқтықпен айналысқан топ құрықталды. Екі азамат 5 қала тұрғынының сеніміне кіріп, олардың аттарынан несие рәсімдеген. Тұрғындарға келтірілген шығын көлемі 5 млн теңгеден астам.
Күдіктілер қамауға алынды.
Қазіргі таңда олардың осы тектес басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Аталған іс-шараның бірінші күні 4 интернет-алаяқтық қылмысы ашылып, осы қылмыстарға қатысы бар күдіктілер ІІО-на жеткізілді.
Бүгінгі күні осы санаттағы қылмыстардың алдын алу, болдырмау және ашу мақсатында жоспарлы жұмыс жүргізілуде.