Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Еденнен алынған аяқ киімнің қанды іздері қылмысты ашуға көмектесті

2023 жылғы желтоқсанның соңғы күндерінің бірінде Петропавл қаласының тұрғындарын бір отбасындағы үш адамның өмірін қиған сұмдық оқиға дір еткізді. Бұл қылмыс асқан қатыгездікпен жасалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға орнын қарап-тексеру кезінде бас криминалист Сергей Матвеев қылмыс іздерінің мұқият жойылғанына назар аударды. Алайда кәсіби маманның өткір көздері бөлмедегі еденнен аяқ киімнің қанды іздерін байқап қалды.  

Осы қылмысты жасады деген күдікпен облыс орталығының екі тұрғыны ұсталды, олар өздерінің қатыстылығын жоққа шығарды.

Дегенмен С.Матвеев оқиға орнынан алынған аяқ киім ізі мен күдікті адамдардың бірінен алынған аяқ киімге салыстырмалы зерттеу жүргізу кезінде бірден оң нәтиже берді. Осылайша, бас криминалистің ықтиятты еңбегі қылмыскерлерге жасаған қылмысын мойындаудан басқа амал қалдырмады.

Қазіргі уақытта ұсталған адамдар сот шешімін күтуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру