Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында жоқ тауарды сатқан алаяқ анықталды

Алматы облысында жоқ тауарды сатқан алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Anti-fraud» жедел-профилактикалық іс-шара барысында Cyberpol бөлінісінің қызметкерлері OLX онлайн-жарнама платформасы арқылы жоқ тауарларды сатумен айналысқан интернет-алаяқты ұстады.

– Полиция қызметкерлері іс-шара барысында Әзірбайжан Республикасының 28 жастағы азаматын анықтады. Алаяқ интернет желілерде электр скутерлерді арзан бағамен сату туралы жарнаманы жүктеген. Алдын ала төлемді алып, сатушы ізім-ғайым жоғалып кетеді, – деді Алматы облысы ПД КПБ бастығы Руслан Смағұлов.

Алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында ұсталған адамның алаяқтыққа байланысты басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру