Ақтөбе облысының полиция департаментінде Халықаралық музей күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
Ақтөбе облысының полиция департаментінде Халықаралық музей күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл сайын 18 мамырда бүкіл әлемдегі мұражай қызметкерлері өздерінің кәсіби мерекесі — Халықаралық музей күнін атап өтеді.
Ақтөбе облысының полиция департаментінде мұражайдың жұмыс істеп келе жатқанына 35 жылдан асты. Мұражайда Ақтөбе облысы полициясының тарихи қалыптасуы мен кәсіби қызметін көрсететін мыңнан астам түрлі экспонат орналасқан екі зал бар. Олардың ішінде мұрағаттық құжаттар, фотосуреттер мен бейнематериалдар, материалдық және рухани заттар – кітаптар, кәдесыйлар, өнер туындылары, қару-жарақ бар.
Мереке қарсаңында полиция департаментінде салтанатты іс-шара өтті. Шараға полиция департаментінің басшылығы, Кеңес Одағының батыры А.Молдағұлованың мемориалдық мұражайының ардагерлері мен қонақтары қатысты.
Мұражайдың негізгі міндеті – ішкі істер қызметкерлерінің жас ұрпағын патриоттық және адамгершілік-эстетикалық тәрбиелеу, халықпен байланысты нығайту, халық арасында даңқты батырлық дәстүрлер мен полицияның күнделікті өмірін насихаттау, қызметке берілген адамдарды еске алу.
Ақтөбе облысы ПД мұражай қорында 5 мыңнан астам экспонат бар.