Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полиция әлеуметтік желілерде тыйым салынған діни материалдарды бөліскен күдіктіні ұстады

ШҚО-да полиция әлеуметтік желілерде тыйым салынған діни материалдарды бөліскен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыскерді ШҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері анықтады.
ШҚО тұрғыны өзінің телефонында сот экстремистік деп таныған және Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған діни мазмұндағы материалдарды сақтап қана қоймай, оларды танымал әлеуметтік желінің кеңістігінде бөліскен.

Аталған факті бойынша облыс орталығының 35 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Сот қаулысымен ер адам аталған құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 100 АЕК мөлшерінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру