Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік полицейлері діни әдебиеттерді заңсыз алып өту фактісінің жолын кесті

Көлік полицейлері Шымкент әуежайында діни әдебиеттерді заңсыз алып өту фактісінің жолын кесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент халықаралық әуежайында көліктегі полиция басқармасының қызметкерлері діни әдебиеттерді әкелуге қатысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзу дерегін анықтады.

Шарм-әл-Шейх – Шымкент бағытындағы халықаралық рейсінің жолаушыларын тексеру барысында көлік полицейлері 31 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтап, ұстады. Оның жүгін тексеру кезінде діни мазмұндағы 65 кітап табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша шетел азаматы Қазақстан Республикасында діни әдебиеттерді әкелуге қойылатын заң талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.

Көлік полицейлері азаматтар мен ел қонақтарын мемлекеттік шекарадан өту және діни мазмұндағы материалдарды тасымалдау кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру