Алматы полициясы "Назар аударыңыз, балалар!" іс-шарасын өткізіп жатыр
Алматы полициясы "Назар аударыңыз, балалар!" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу, сондай-ақ көшелер мен жолдарда қауіпсіз жүріс-тұрыс, балалар мен жасөспірімдерді тұрақты тұратын жерлеріндегі және оқу орындарындағы көліктік ортаға бейімдеу бойынша дағдыларды бекіту мақсатында 20-30 мамыр аралығында "Назар аударыңыз, балалар!" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізіп жатыр.
- Алматы - көлік саны мен көлік қозғалысы көп қалалардың бірі. Қалада 215 жалпы білім беретін мектеп бар, олардың оқушылары оқу үрдісінде жол қозғалысы ережелері мен жолда өзін-өзі ұстау мәдениеті туралы да білім алып, кейбіреулері профилактикалық іс-шараларға белсене қатысты. Естеріңізге сала кетейік, жаңа оқу жылы басталар алдында инспекторлар, әдетте, барлық мектепте жол белгілерінің бар-жоғын тексереді. Мұндай кешенді шаралар балалардың жол-көлік жарақатының деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік берді, бұл ең кішкентай жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына жақсы әсер етеді, - деді Алматы полициясы.
"Назар аударыңыз, балалар!" іс-шарасы барысында, Алматы полициясының қызметкерлері балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу, оның ішінде көлік жүргізушілері арасында ауқымды тәрбие жұмыстарын жүргізіп жатыр. Арнайы буклеттер әзірленіп, басып шығарылды. Олар жүргізушілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушылары арасында таратылып жатыр.