Қызылордада пробация есебіндегі 15 сотталған жұмысқа жолдама алды
Қызылордада пробация есебіндегі 15 сотталған жұмысқа жолдама алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласының Мансап орталығының ұйымдастыруымен сол жағалаудағы Болашақ университетінің ғимаратында «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі өтті. Аталған іс-шараға қалалық пробация қызметі есебіндегі 40 жұмыссыз сотталған қатыстырылды.
Жұмысқа орналасуға ниет білдірген сотталғандар жұмыс берушілерден кеңес алып, ұсынылған бос жұмыс орындары және мамандықтар бойынша өздеріне қажетті мәліметтер алды. Бұл жәрмеңкенің басты мақсаты – бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды тұрақты жұмыспен қамту.
– Бүгінгі шарадан өзіме жұмыс таптым. Адал еңбек етіп, отбасымды асырасам деймін. Жұмысқа орналасуымызға көмек көрсеткен пробация қызметіне алғысым шексіз, – деді есептегі сотталған.