Өзгенің контейнерін сатып жіберген елордалық тұрғын қолға түсті
Полиция өзгенің контейнерін сатып, ақша таппақ болған елорда тұрғынын анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға 86 жастағы Астана тұрғыны арызданып, салмағы 5 тонналық контейнерінің жоғалғанын хабарлаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ақша табуды ұйғарып, жақын маңдағы көшенің тұрғынына жасырын түрде бөтеннің контейнерін ұрлап, сатып жіберген 35 жастағы елорда тұрғынын анықтады.
Белгілі болғандай контейнерге еркін қол жеткізген күдікті оны сатуға шешім қабылдаған. Үйде адам болмаған сәтті пайдаланып, ол сатып алушымен алдын ала келісіп, контейнерді саудалап жіберген.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Астана қаласы полиция департаменті азаматтарға өз мүлкінің қауіпсіздігіне мұқият болуды ескертеді.