Шымкентте полицейлер тұрғынның жоғалған анасын іздеп тапты
Шымкентте полицейлер жоғалған 56 жастағы әйелді отбасымен қауыштырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Туыстары қалада бағдарланбаған және есте сақтау қабілеті тұрақсыз азаматшаның үйінен шығып, белгісіз бағытта кеткенін жеткізді.
Жоғалған азаматшаның жүрген жерін анықтауға полиция қызметкерлері мен волонтерлар жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары оның болуы мүмкін барлық орындарды аралап, камералардағы жазбаларды тексеріп, көру-білуі мүмкін адамдардан сұрастырды.
Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде патрульдік полиция полкінің инспекторлары азаматшаны аман-есен тауып, қызымен қауыштырды.
Өз кезегінде тұрғын тәртіп сақшыларына кәсіби біліктілігі мен біреудің қайғысына немқұрайлы қарамағаны үшін шынайы алғысын білдірді.