Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Адам құқықтары жөніндегі өкіл Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД мекемелерінде кездесу өткізді

Адам құқықтары жөніндегі өкіл Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД мекемелерінде кездесу өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің Алматы облысы бойынша өкілі Эльбрус Сұлтанқұлов Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелерінде жеке құраммен кездесіп, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің принциптері және мемлекеттік қызметшілердің этикасы жайлы әңгіме өткізді. Кездесуді ҚАЖ департаменті ұйымдастырды.

Сонымен қатар кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда айтқан “Әділетті Қазақстан – Адал азамат” концепциясының мағынасына тоқталды. Ол мемлекет басшысының “Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір отандасымыз адал азамат болуға ұмтылуы қажет. Сонымен бірге жас ұрпақты адал азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Ұлттық бірегейлігімізді нығайтып, еліміздің жаңа құндылықтарын орнықтыру үшін жүйелі жұмыс жасалуға тиіс” деген сөзін еліміздің әрбір азаматы ұстануы керек екенін атап өтті.

Адам құқықтары жөніндегі өкіл Э.Сұлтанқұлов жеке құрамға азаптаудың алдын алу мақсатында қылмыстық-атқару саласы қызметкерлеріне азаптаудың зардабы туралы ескертті. Ол жұмыс барысында өз тәжірибесімен де бөлісіп, қызметкерлерге осындай жағдайда өзін-өзі қалай ұстау қажеттігі жайлы түсіндірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру