Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау облысының полицейлері балаларға арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды

Атырау облысының полицейлері 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес айлығы барысында Атырау облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының ұйымдастыруымен облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне 1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.

Балалар департамент ғимараты мен қызметтік автокөліктермен танысып, кинология қызметіндегі Хан қызметтік итінің жасырын есірткіні табу тәсілдерін тамашалады. Балаларға эстафеталық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар дипломдармен естелік сыйлықтармен марапатталды.

Мерекелік іс-шарада балаларға тәтті тағамдар да тарту етілді. Сондай-ақ орталықтағы балалар үшін департамент атынан велосипед табысталды. Атырау облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының мамандары мерекелік шара ұйымдастырған полиция департаментінің қызметкерлеріне алғыстарын айтып, естелік фотоға түсті.

Айта кетейік, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері нашақорлыққа қарсы профилактикалық алдын алу іс-шараларын әлі де жалғастырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру