Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да биыл мыңға жуық тұрмыстық құқық бұзушылық тіркелді

СҚО-да биыл мыңға жуық тұрмыстық құқық бұзушылық тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөліністерінің қызметкерлері отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды тіркеудің өскенін атап өтті. Бұл – осындай құқық бұзушылықты тіркеудің анықтау сипатына көшумен байланысты болып отыр.

Заңнамадағы өзгерістерге байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерін тіркеу үшін жәбірленуші тараптың арызы енді міндетті шарт болып табылмайды. Полицейлер өздеріне белгілі болған әрбір жағдайды тексеріп, тиісті шаралар қабылдайды.

Жыл басынан тұрмыстық салада 1202 құқық бұзушылық тіркелді, ал өткен жылдың осы кезеңінде 823 факті анықталды.

– Мұндай құқық бұзушылықтар саны 46,1%-ға артты. Бұдан жәбірленушілердің бұрын қанша фактіні жасырғанын көреміз, – деп атап өтті СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Александр Розбах.

Полицейлер елімізде әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілері бойынша тәулік бойы республикалық «қауырт желі» – «111» телефоны жұмыс істейтінін еске салады.

Сондай-ақ «Әйелдерді қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігінің Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының 8 (7152) 46-13-26 сенім телефонына, Петропавл қ. ПБ ЖПҚ бөлімінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобына 8 (7152) 49-31-58 телефоны бойынша немесе СҚО ПД ЖПҚ басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобына 8 (7152) 61-25-30 нөмірлеріне жүгінуге болады. Бұдан бөлек, СҚО полиция департаментінің әрдайым тәулік бойы жұмыс істейтін 102 арнасына да қоңырау шалуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру