Павлодарда қызыл шамға өтіп кеткен мас жүргізуші ұсталды
Павлодарда қызыл шамға өтіп кеткен жүргізу куәлігі жоқ мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Әрбір жүргізуші мас күйінде көлік жүргізуге болмайтынын жақсы біледі. Мас күйінде көлік жүргізгені немесе куәландырудан өтуден бас тартқаны үшін айтарлықтай айыппұлдар бекітілген, міндетті түрде көлік жүргізуден шеттету керек.
Сонымен қатар жол жағдайын жеңе алмау, көлік құралын жүргізе алмау және апатқа ұшырау қаупі бірнеше есе артады. Бірақ бұл бәріне кедергі келтіре бермейді. Мәселен Павлодар қаласындағы Назарбаев көшесінде полиция бағдаршамның қызыл жарығына өтіп бара жатқан Audi 80 маркалы автокөлікті байқады.
Полицейлер көлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру және жүргізушінің жеке басын анықтау кезінде жүргізушінің жүргізуші куәлігі болмағаны және мас күйінде рөлге отырғаны анықталды. Қазіргі уақытта жүргізуші 36 920 теңге көлемінде айыппұл салумен 20 тәулікке қамауға алынды.
Павлодар облысының полиция департаменті тұрғындарға егер жүргізушінің мас екендігіне күдік туындаса, ешқандай жағдайда көлікке отырмауға кеңес береді. Егер сіз жүргізушінің есірткі немесе алкоголь ішіп, көлікті жүргізетінін байқасаңыз, бұл фактіні 102 телефоны арқылы хабарлаңыз. Жақындарыңызға мас күйінде көлік жүргізуге жол бермеңіз. Мұның салдары туралы ойланыңыз, мүмкін сіз біреудің өмірін сақтап қаласыз.