Астанада абаттандыру ережелерін бұзған 5 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
Астанада абаттандыру ережелерін бұзған 5 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экологиялық акциясы аясында Астана қаласы полиция департаменті қоршаған ортаны абаттандыру, жалпы пайдалану орындарын ластау ережелерін бұзудың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізуде. Сонымен қатар көше-жол желісіне, құрылыс нысандарына зерттеу жүргізу бойынша мобильді топтар құрылды.
Акция басталғаннан бері қоқысты заңсыз шығару, жалпы пайдалану орындарының ластануы және абаттандыру қағидаларын өзге де бұзу фактілері бойынша 5 мыңнан астам құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Күн сайын рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуына бейім орындарда рейдтік іс-шаралар жүргізіледі, белгіленбеген орындарда қоқыстарды түсіруді және ағынды суларды төгуді жүзеге асыратын тұлғаларды анықтау бойынша мақсатты жұмыс жүргізіледі. Акция басталғаннан бері жүк көлігінің 50-ден астам жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.
Сонымен ассенизаторлық көлік жүргізушісі ағынды кәріз жүйесіне қоқысты рұқсатсыз ағызуға рұқсат берген. Оған қатысты әкімшілік жазалау шаралары қабылданды.