Түркістан облысында полицейлер браконьерлерден 580 келіге жуық балық тәркіледі
Түркістан облысында полицейлер браконьерлерден 580 келіге жуық балық тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау тобының қызметкерлері «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде, 156 құқық бұзушылықты анықтады. Браконьерлерден 580 келі балық, шамамен 1500 м балық аулау торлары, қайықтар және басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Мәселен, тәртіп сақшылары балық инспекторларымен бірлесіп, Ордабасы ауданы Арыс қаласының екі тұрғынын анықтады. Олардан қайық пен 60 келіге жуық түрлі балық тәркіленді. Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп, барлық жағдайлар анықталуда.
Сонымен қатар Түркістан облысының полицейлері Бөген, Көксарай және Шардара сияқты өзендер мен су қоймаларын қараусыз қалдырған қайықтар мен балық аулау торларынан тазарту жұмыстарын жүргізді.
Өз кезегінде тәртіп сақшылары Түркістан облысының тұрғындарын табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға және табиғатты қорғауға шақырады.