Астанада пәтерлердің бірінен екі телефонды ұрлап кеткен әйел қолға түсті
Астанада пәтерлердің бірінен екі телефонды ұрлап кеткен әйел қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында «Байқоңыр» ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 59 жастағы әйелді анықтады.
Тергеу барысында белгілі болғаны, әйел жалға пәтер іздеп қаланың оң жақ жағалауында жеке үйлерді аралап жүрген. Есігі ашық тұрған жеке үйлердің біріне кіріп, ешкім жоқ екенін байқаған ол, кіреберісте үстелде тұрған ОРРО және Samsung A31 маркалы екі телефонды алып кеткен.
Анықталғанындай үй иелері ұрлық орын алған сәтте сыртта жүрген және қаскүнемнің келгенін, кеткенін байқамаған. Келтірілген материалдық шығын 380 мың теңгені құраған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, әйел мойындау көрсетпелерін берді.
Оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Астана қаласының полиция департаменті пәтер ұрлығының алдын алу үшін өз тұрғын үйіңіздің қауіпсіздігіне мұқият болуды ұсынады. Кірер есіктерге дабыл жүйесін, сондай-ақ сенімді құлыптарды орнатыңыз. Егер сіз төменгі қабаттарда немесе жеке үйде тұрсаңыз, терезелеріңізді торлармен жабдықтаңыз.