Қостанай облысында полицейлер алаяқтықтың жолын кесті
Қостанай облысы Рудный қаласының полицейлері алаяқтықтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай облысында полиция қызметкерлерінің арқасында 7,5 млн теңге көлемінде несиеге өтінім тоқтатылды.
30 мамырда алаяқтар Рудный тұрғынына қоңырау шалып, өздерін банк қызметкерлері деп таныстырған. Ер адам қаскүнемдердің айласына сеніп, қашықтан қосылатын бірнеше қолданбаны жүктеп алды. Біраз уақыттан кейін бұл әрекет оған күмән туғызып, ол полицияға қоңырау шалды.
– Оның үйіне келгеннен кейін біз барлық жеке шоттарды бірге тексердік, ешқандай несие таппадық, – деді учаскелік полиция қызметкері.
Келесі күні полицейлер сенімділік үшін жергілікті тұрғынды несие тарихын алу мақсатында ХҚКО-ға баруға көндірді. Онда оған 7,5 млн теңге көлемінде несие ресімделгені анықталды, алайда ақша әлі де жәбірленушінің жеке шотында болды. ХҚКО мен банк қызметкерлерінің көмегімен несие бойынша операция жойылды.
Полиция азаматтарды сақ болуға шақырады. Сонымен қатар қашықтан қол жеткізу қосымшаларын орнатпауды сұрайды. Алаяқтардың айла-амалдарына бойсынбау керек. Күдік туындаған жағдайда, асығыс әрекет жасамай 102 пультіне хабарласыңыз.