Қостанайда аса ірі мөлшерде марихуана алып жүрген ер адам ұсталды
Қостанайда аса ірі мөлшерде марихуана алып жүрген ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Қостанай қаласында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері 29 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Ер адам автокөлікпен бокс добын тасымалдаған. Тексеру кезінде оның ішінен өсімдік тектес зат табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, салмағы 1 130 грамм марихуана екені анықталды.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта есірткі затын сатып алу көзі мен оқиғаның өзге де мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.
